
Қайырбек Макулов — ақпараттық технологиялар мен жүйелер саласының маманы. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Барселонада (Испания) ақпараттық технологиялар бағытында ғылыми тағылымдамадан өтіп, Лондон, Лиссабон, Барселона және Санкт-Петербургте IT біліктілікті арттыру курстарын тәмамдаған. Ғылыми зерттеулері Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруын ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіруге арналған. Қазіргі уақытта Yessenov University-дің академиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті.
…
