Yessenov University-де Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохд Адли Абдуллах және Елшіліктің Туризм бөлімінің бірінші хатшысы Нор Шазли Бин Азми мырзалармен жоғары деңгейдегі кездесу өтті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, Малайзияның жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік орнату, академиялық байланыстар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, сондай-ақ туризм саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.
Сапар аясында мәртебелі қонақтар университеттің Теңіз академиясы мен оқу кампусын аралап, Yessenov University-дің білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетімен жақын танысты.
