Маңғыстауда энергетика және логистика саласына қажетті мамандар даярланып жатыр.
Жаңа бағдарлама Қазақстан мен Германияның жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық серіктестік аясында жүзеге асуда.
Білім алушылар жаңартылатын энергия жүйелері, жасыл сутек, цифрландыру, көлік-логистикалық жүйелерді басқару және халықаралық тасымал бағыттары бойынша білім алады.
