Yessenov University білім беру сапасын арттыру және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету бағытында маңызды қадам жасап, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарын біріктіретін Академиялық адалдық лигасына ресми түрде қосылды🇰🇿

8–10 сәуір аралығында Халықаралық ICAI қағидаттарына негізделген Академиялық адалдық лигасының мониторинг тобы университетке жұмыс сапарымен келді. Мониторингтің негізгі мақсаты – оқу орнында академиялық адалдық қағидаларының сақталу деңгейін бағалау, үздік тәжірибелерді айқындау және білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірлеу.

Сапар аясында университет басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесулер ұйымдастырылып, оқу процесінің ашықтығы мен адалдығын қамтамасыз ету тетіктері зерделенді. Сонымен қатар, цифрландыру, прокторинг жүйелері және академиялық адалдықты бақылау құралдарына кешенді бағалау жүргізілді.

Бүгінде Yessenov University-де академиялық адалдықты қамтамасыз ету жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Университетте академиялық саясат, академиялық адалдық кодексі қабылданып, антиплагиат жүйесі, прокторинг және цифрлық бақылау құралдары енгізілген. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушылар арасында адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тұрақты ақпараттық және тәрбиелік жұмыстар жүргізілуде.

Yessenov University алдағы уақытта да академиялық адалдық қағидаларын берік ұстана отырып, ашық, әділ және сапалы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді

KEEP READING...

You may also like