«Педагогика» факультетінің «Педагогикалық теxнологиялар» кафедрасының оқытушылары мен магистранттары Астана қаласындағы “Келешек” псиxологиялық орталығының психолог маманы өткізген «Білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері» атты тақырыпта семинар-тренингке қатысты. Семинар-тренингтің мақсаты – инклюзивті білім беруде жұмыс бағыттарын дұрыс анықтай отырып, ерекше балалармен жұмыс жасаудың жолдарын меңгеру. Семинар-тренинг барысында Астана қаласындағы “Келешек” псиxологиялық орталығы мен “Педагогикалық теxнологиялар” кафедрасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.