Yessenov University-де ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық нығаюда

Yessenov University-дің Ақпараттық технологиялар басқармасы мен әл-Фараби атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасы ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық технологиялар бағытында бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруда.

«Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасы заманауи талаптарға сай, жан-жақты білікті мамандар даярлауға бағытталған. Кафедраның білім беру бағдарламалары теория мен практиканы ұштастыра отырып, ақпараттық қауіпсіздік, криптология және киберқауіпсіздік салаларында терең мамандануға мүмкіндік береді.

Аталған кафедрада бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бакалавриатта – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» және «Криптология», магистратурада – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мен «Ақпараттық қауіпсіздік аудиті», ал докторантурада – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» және «Криптология» бағыттары бойынша мамандар даярланады.

Yessenov University-дің Ақпараттық технологиялар басқармасы осы кафедрамен тәжірибе алмасу, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру, киберқауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және студенттердің практикалық дағдыларын арттыру мақсатында бірлескен жобаларды қолға алуда.

Бұл ынтымақтастық университеттің цифрлық трансформациясын жеделдетіп қана қоймай, болашақ ІТ-мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ еліміздің ақпараттық қауіпсіздік саласының дамуына өз үлесін қосады.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like