30 сәуір күні Yessenov University-де республикалық деңгейдегі «Суды үнемде – болашақты сақта!» атты эко-сағат өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар су тапшылығының өзекті мәселелері, оны шешудің инновациялық жолдары және су ресурстарын басқарудағы цифрлық технологиялардың рөлі туралы жан-жақты ақпарат алды.

Эко-сағат Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі және Yessenov University бірлесіп ұйымдастырылды.

Сарапшылар су ресурстарын үнемдеудің заманауи әдістері, цифрлық мониторинг жүйелері және халықаралық тәжірибелер туралы баяндамалар жасады. Сонымен қатар студенттер экологиялық бастамаларға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда су үнемдеу дағдыларын дамытуға маңызды үлес қосатынын атап өтті.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like