Научно-исследовательская работа по проекту

в Азербайджанской Республике, Российской Федерации, Республике Казахстан

из фондов, архивов государственных, военно-оборонных библиотек, музеев, а также мировых электронных источников были собраны материалы и научная информация, соответствующие тематике. Проведен анализ достижений мировой топонимологии, передовых методик.

В направлении мирового топонимизма наряду с традиционными, типологическими направлениями были проанализированы современные исследовательские концепции известных авторов за последние 5 лет. Рассмотрены религиозные, исторические, теологические, политические аспекты создания топонимов Мангистау. Методами исследования формирования микротопонимов эпохи Древнего викинга выявлена вторичная тенденция (одноименные горы, сай, колодец, населенные пункты) в топонимах Мангистау.

Пополненна база географических названий Мангистау, выявлены популярные некорпоративные топонимы, систематизированы по различным блокам; в ходе изучения материалов различных экспедиций в Мангистау, древних карт в XIX веке было выявлено и типологически классифицировано 350 исторических топонимов, 246 исторических топонимов включены в перечень и зарегистрированы с дополнительными данными.

Различные топономастические данные Мангистау с тысячелетней историей проводятся исследования по изучению слоев культуры периодов, языковых субстратов, обычаев, традиций древних и средневековых этносов, воссозданию торговых путей, постов и причалов, следы которых сохранились в этом крае, выявлению этапов развития евразийских религиозно-конфессиональных и мировоззренческих представлений. Совершена полевая экспедиция в приграничную с Туркменистаном область Мангистауской области, исследовано пространство, в котором расположены исторические сакральные топонимы. Рассмотрена связь исторических топонимов Темир баба, сорок Кыз, Ожабай-Тамды, Кугесем с древнеарийскими, огузскими, ногайскими языковыми субстратами, выявлена историко-культурная, этнографическая, фольклорная информация по названиям. В ходе экспедиции был выявлен и зарегистрирован небольшой камень Оджабай.

Семантика, процесс возникновения религиозных топонимов в Мангистауском топоаре впервые исследованы методом тернарной (трехгрупповой) ономасологии и когнитивной матрицы.

Артықбаев Ж., Нұрдәулетова Б., Шоқай М., Бекзатқызы И.

Маңғыстау топономастикалық ареалы: тарихи топонимия, топобейнелер және оларды интерпретациялау: монография. – Астана: «iDesign», 2025. -255 бет

 

АҢДАТПА

Монографияда Маңғыстау тарихи топонимдерінің қалыптасу тарихы аймақтың тарихи-тілдік, географиялық ерекшеліктерімен, автохонды жұрттың таным-түсінігімен, аймақта шоғырланған тайпалар этногенезімен байланыста қарастырылған. Зерттеу идеясы тарихи топонимиялық материалдарды  топонысандар мен тарихи оқиғалармен өзара сабақтастыру негізінде топобейнелер құрастыру және белгілі тарихи кезеңдерге қатысты ғылыми пікір қалыптастырумен байланысты негізделеді және картография, тарихи-этимология мен интерпретация арқылы іске асырылған.

Монография 4 тараудан тұрады.  «Топоономастикалық   зерттеулердің  теориялық  және концептуалды негіздері» тарауында тіл біліміндегі топономастикалық зерттеулердің концептуалды негіздемесі талданып, топонимтанудағы заманауи әдістер сөз болады. Топонимдерді географиялық нысан, жердің, елдің, тілдің тарихын жинақтаған тарихи және тілдік материалдар жиынтығы ретінде зерттеу қажеттілігі бұл саланың пәндік ерекшелігімен байланысты. Егер тіл білімінің атауларды зерттейтін саласы ономастика болса, географиялық атауларды қарастыратын топонимиканы «таза лингвистикалық пән» ретінде топоономастика деп атау қажеттілігі туралы идея XX ғасырда ұсынылған болатын.

«Маңғыстау топоареалындағы тарихи топонимдердің хатқа түсу, зерттелу тарихы» тарауында ертедегі грек саяхатшыларының, кейінгі араб, парсы, орыс зерттеушілерінің жазбаларындағы Маңғыстау топоареалына қатысты деректер зерттелді.

XIX ғ. II жартысындағы Ресей топографтарының зерттеулерінде, түрлі мақсатта Маңғыстауға жіберілген экспедиция жазбаларындағы, карталардағы Маңғыстау топоареалына тән топонимдер тізімге алынып, тұлғалық, этимологиялық, ақпараттық тұрғыдан талданды.

«Маңғыстау топонимдерінің тарихи  кезеңдік сипаты» тарауында аймақты игеру мен қоныстанудың тарихына, тарихи оқиғалардың топоним қалыптастыруға әсеріне сипаттама беріліп, сақ дәуіріндегі топономастикалық  процестер, ортағасырлық топобейнелер  мен этнонимдер, көне түркі дәуіріне тән топонимдердің қалыптасу уәждері ғылыми негізделді.

«Маңғыстаудың топономастикалық картасы» аталатын тарауда Маңғыстау топономастикалық ареалының XIV ғасырдағы Каталон картасынан бастап, XIX ғасырдың II жартысындағы Ресей экспедициялары құрастырған 20-дан астам карталарда берілу сипаты, маңызы, мазмұны талданды. Маңғыстау топонимдерінің картографиялық бейнеленуі және кеңістіктік талдауы ұсынылды. 2023–2025 жылдары жүргізілген далалық экспедициялар кезінде GPS қабылдағыштарымен алынған координаталар Excel форматында жинақталды, кейін ArcGIS ортасында нүктелік қабаттарға айналдырылды. Картографиялық материалдар бірыңғай координаттық жүйеде (WGS 1984 UTM Zone 39N) құрастырылды.

Қорытынды бөлімде зерттеудің әдістері, нәтижелері, жаңалығы, ғылыми және практикалық маңызы көрсетілді.

Артықбаев Ж.О., Нұрдәулетова Б.И.

Маңғыстау тарихи топонимдерінің хатқа түсу тарихы: монография. – Ақтау, 2025. -120 бет

 

АҢДАТПА
Монографияда Маңғыстау топоареалындағы тарихи атаулар туралы ежелгі грек, араб, Европа  тарихшыларының, географтарының, саяхатшыларының жазбалары, алғашқы карталары, XIX ғасырдағы Ресей империясы ұйымдастырған экспедиция материалдарындағы мәліметтер талданады. Зерттеу идеясы тарихи топонимиялық материалдарды  топонысандар мен тарихи оқиғалармен өзара сабақтастыру негізінде топобейнелер құрастыру және белгілі тарихи кезеңдерге қатысты ғылыми пікір қалыптастырумен байланысты негізделеді және картография, тарихи-этимология мен интерпретация арқылы іске асырылған.

Осы зерттеу жұмысында «Маңғыстаудың топономастикалық ареалы» түсінігі қолданылады. Топонимдердің белгілі бір аймақта қалыптасуының өзіндік тарихи, танымдық, тілдік заңдылықтары, географиялық себептері, соған сәйкес ерекшеліктері бар. Мысалы, Маңғыстау топономастикалық ареалы су көздеріне қатысты (құдық, бұлақ, сор) атаулардың көптүрлілігімен ерекшеленеді. Маңғыстау топоареалын ерекшелеп, маңызын арттырып тұрған тағы бір атаулар киелі топонимдермен байланысты. Маңғыстау даласының әрбір бұрышында сол жердің иесі мен киесін танытатын әулиелі қорымдар, жеке-дара киелі ғимараттар (кесене, күмбезтамдар, мешіт, медреселер) менмұндалап тұрады, әрбір қорымға, ғимаратқа киелі тұлғаның есімі беріліп, ол тұлға туралы аңыз-деректер сақталған. Зерттеу жұмысында Маңғыстау топоареалындағы топонимжасауға қатысатын апелятив сөздер, осы аймаққа тән топономастикалық атау түрлері (халықтық географиялық терминдер), діни терминдер, Маңғыстау топоареалына тән субстратты топонимдер т.б. талданды.

Ертедегі грек саяхатшыларының, кейінгі араб, парсы, орыс зерттеушілерінің жазбаларындағы Маңғыстау топоареалына қатысты деректер қарастырылды.

XIX ғ. II жартысындағы Ресей топографтарының зерттеулерінде, түрлі мақсатта Маңғыстауға жіберілген экспедиция жазбаларында, карталардағы Маңғыстау топоареалына тән 300-ден астам топонимдер тізімге алынып, тұлғалық, этимологиялық, ақпараттық тұрғыдан талданды.