Мұнай битумдары мен асфальтбетондарды резеңке-полимерлі композиттермен модификациялау технологиясын әзірлеу

Мұнай битумдары мен асфальтбетондарды резеңке-полимерлі композиттермен модификациялау технологиясын әзірлеу

Жоба жетекшісі: Ақкенже Шаншарқызы Бусурманова

Жоба мерзімі:

2025-2027 жж.

Қаржыландыру сомасы:

119 735 113 теңге

Жоба мақсаты:

Жол-құрылыс материалдарының жоғары пайдалану қасиеттерін және автомобиль жолдарының одан әрі жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін жол битумдары мен асфальтбетондарды резеңке-полимерлі композиттермен модификациялау технологиясын әзірлеу және жетілдіру.

Ғылыми жаңалығы:

Резеңке-полимерлі модификаторларды қосу арқылы битум мен асфальтбетонды модификациялаудың жаңа әдісін ғылыми тұрғыдан әзірленіп, резеңке-техникалық және полимерлік қалдықтарды тиімді пайдаланылады. Битумды және асфальтбетонды модификациялау процесінің технологиялық сызбасын әзірлеу өнеркәсіптік өндіріс үшін битум байланыстырғыш рецептураларының жаңа нұсқаларын ұсынуға мүмкіндік береді. Полимерлі-битумды байланыстырғыштың өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз ететін гибридті резеңке-полимерлі модификаторлардың құрамы таңдалады. Мұндай зерттеулер алғаш рет «CASPI BITUM «БК» ЖШС  қазақстандық өндірісінің битумы негізінде жүргізілуде, бұл жаңалық болып табылады.

Жоба бойынша атқарылған ғылыми - зерттеу жұмыстары

Зерттеу тобы

Жарияланған мақалалар тізімі