«IT_101» атты іс-шара өтті

6В06102 – «Computer engineering» және 6В06103 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламаларының 3,4 курс студенттері, оның ішінде YU Startup байқауының жүлдегерлері, «EduCode» бағдарламалау клубының жетекшілері, Huawei ICT Competition жеңімпаздарының ұйымдастырумен, 1 және 2 курс студенттеріне арнап «IT_101» атты іс-шара өткізді. Шарада «Ғылым және технологиялар» факультетінің деканы Нигметова Г.Н., вице-деканы Ыбрайқожа Н.П., «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Жумадилова М.Б. «EduCode» бағдарламалау клубының қатысушыларына және «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының белсенді студентеріне сертификаттарды табыстады. Арнайы осы шараға «Astana Hub» халықаралық технопаріктің өкілі Мажтай Айгерім келіп, өз тәжірибесімен бөлісті.