Қызмет мақсаты:
– Тәжірибелік–өндірістік сынақтарды жүргізу және ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін өндіріске енгізу;
Қызмет міндеті:
– ауа алабының, жер асты, ауы суы, теңіз суы, ахаба судың, топырақтың мониторингісі, радиологиялық зерттеулер және гамма-түсірілім, Каспий теңізі қайраңының Қазақстандық бөлігіндегі судың ластануына мұнайгаз кешені іс-әрекетінің әсері мониторингісі;
– экологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру жұмыстарына қатысу;
Негізгі миссиясы: Ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың, оның ішінде ғылыми және технологиялық дамудың приоритетті бағыттары бойынша іргелі, қолданбалы ғылымдардың жүзеге асырылуына ықпал ету, ғылыми бағыттың сәйкес облысы бойынша магистрлік, докторлық диссертациялық жұмыстардың дайындалуына ықпал ету.
Зертхананың техникалық жабдықталуы: Зертхана талдау жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтар кешенінен, яғни спектралды диапазоны 325-1000 нм «КФК-3КМ» спектрофотометрінен, спектралды диапазоны 190-600 нм «МГА-915М» атомды-абсорбционды спектрометрден, спектралды диапазоны 190-600 нм «Флюорат-02-2М» сұйықтық талдауышынан, өлшеу диапазоны 1 лк-200000 лк «ТКА-ЛЮКС» люксметрінен, өлшеу диапазоны 80 кПа-106 кПа БАММ-1 барометр-анероидынан, «ОКТАВА-110А» шумомер-виброметрінен тұрады.
Зертхана Қазақстан Республикасының құзыретті органдарынан рұқсат құжаттары қатары мен аккредитация аттестатын алуға дайындық үстінде.
Негізгі қызмет түрі:
Ауыз су | Органолептикалық көрсеткіштерді анықтау:4 физикалық қасиеттері: 3 зиянды заттардың құрамы: 41 |
Табиғи су (жер үсті, теңіз, жер асты*) |
физикалық қасиеттері: 3 зиянды заттардың құрамы: 18 элементтерді анықтау: 6 |
Ағынды сулар (оның ішінде техника-лық су, бұрғылау ерітінділер және т. б.) |
физикалық қасиеттері:4 зиянды заттардың құрамы: 13 элементтерді анықтау: 16 |
Топырақ, Топырақ, түбіндегі шөгінділер, қалдықтар, бұрғылау шламдары мен шламдар және т. б. | физика-химиялық көрсеткіштер: 14 зиянды заттардың құрамы: 17 элементтерді анықтау: 11 |
Елді мекендердің, жұмыс және санитарлық-қорғау аймағының атмосфералық ауасы, елді мекен аумағы |
элементтерді анықтау: 33 |
Атмосфераға өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары | элементтерді анықтау: 40 |
Қоршаған орта объектілері | гамма-сәулеленудің экспозициялық дозасының қуаты Радиоактивті ластану. Альфа-бета бөлшектерінің ағын тығыздығын өлшеу |
Физикалық Факторлар |
шу, дыбыс. жарықтандыру. Микроклимат, температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауа ағынының жылдамдығы, атмосфералық қысым. |