География

6В01506 «География» білім беру бағдарламасы білім алушылардың қажеттіліктері мен еңбек нарығының сұраныстарын және жоғары оқу орнының ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік білім беру стандарты талаптарын жүзеге асырады. Білім беру бағдарламасы замануи талаптарға сай теориялық білім мен тәжірибелік дағдыға ие, физикалық және экономикалық географиялық зерттеу әдістері негізінде аймақ географиясын зерттеумен айналысуға құзіретті, білім беруде классикалық және инновациялық теориялар мен әдістемелерді тиімді қолдана алатын түлек дайындауға бағытталады.

Дағдылар

-әртүрлі білім беру мекемелерінде (мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер және т. б.) білім және тәрбе беру;
-түрлі оқу, академиялық және ғылыми-зерттеу ұйымдарында бейіндік пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;
-жобалық және конструкторлық ұйымдарда жалпы және мамандандырылған әзірлемелерді орындау;
– әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардағы өндірістік–басқару қызметін (білім бөлімдері, әкімшіліктер, зертханалар, станциялар, орталықтар және т. б.) атқару;
– географиялық бейіндегі өндірістердегі ұйымдастыру-технологиялық қызметтерді (қорғалатын аумақтар, қоршаған орта мониторингі және т. б.) жүргізу;
-өлкетану бағыты бойынша аймақтық деңгейде табиғи обьектілер мен әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды зерттеу;
– түрлі білім беруді қамтамасыз ету орындарында инновациялық білім беру технологиялары бойынша әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру

Басты қызметтер

-Арнайы және жалпы орта білім беру мекемелерінде география пән мұғалімі
– Білім беру бөлімдерінде маман
– Жер ресурстары мен табиғатты қорғау мекемелерінде маман
– Ғылыми-зерттеу мекемелерінде география, гидрология, сейсмология және топырақ географиясы салалары бойынша маман