Yessenov University-де көрнекті ғалым, лингвист Қаныгүл Жаманбаеваның ғылыми мұрасына арналған «Қ. Жаманбаева мұрасы: тіл, таным және ұлттық тәрбиенің когнитивтік негіздері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция барысында когнитивтік лингвистика, тіл мен танымның өзара байланысы, ұлттық тәрбие және қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар қатысып, өзара тәжірибе алмасып, ғылыми пікірталас жүргізді.
Іс-шара аясында Қаныгүл Жаманбаева атындағы арнайы оқу аудиториясының ашылу рәсімі өтті. Сонымен қатар, ғалымның ғылыми еңбектерінің жаңа басылымдары көпшілікке таныстырылды.
Ғылыми жиын қорытындысы бойынша бірқатар маңызды ұсыныстар қабылданып, тіл білімі мен ұлттық құндылықтарды зерттеу бағытындағы жаңа бастамалар айқындалды.