27 наурыз күні Yessenov University базасында Аманбай Ата Жетемісұлының 175 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған ғылыми жиын тарихи тұлғаның рухани мұрасын, оның халық жадындағы орнын және дәстүрлі мәдениетпен сабақтастығын жан-жақты зерделеуге арналды. Конференция ұлттық сана мен рухани құндылықтарды жаңғырту бағытындағы маңызды алаңға айналды.
Іс-шара барысында қатысушылар Аманбай Атаға арналған көрмемен танысып, «Аруақты абыз Ата – Аманбай» атты сахналық қойылымды тамашалады. Пленарлық отырыста өңір басшылығы, университет өкілдері мен зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, тұлғаның ел дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Конференция аясында жетекші ғалымдардың баяндамалары тыңдалып, деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар «Әулие құпиясы» кітабының тұсаукесері өтіп, жыр-терме мен дәстүрлі өнер үлгілері ұсынылды.
Ғылыми жиын қорытындысы бойынша Аманбай Ата мұрасын зерттеу, насихаттау және білім беру жүйесіне енгізу бағытында нақты ұсыныстар әзірленді.