18 ақпан күні Yessenov University «Құқық және халықаралық қатынастар» факультеті, «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» бастамасы аясында «Тәртіп пен қауіпсіздік – біздің таңдауымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторы «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Өтебалиева Қарлығаш Ержанқызы болды. Іс-шараға Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Есенжан Қанафия Нұрланұлы және Ақтау қаласы Полиция департаментінің криминалды полиция бөлім бастығының орынбасары Толысбаев Қайнар Асқарұлы қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға құқықтық тәртіп, заңнамалық жауапкершілік және қауіпсіздік мәселелері бойынша мазмұнды ақпарат ұсынылып, тәжірибелік мысалдар арқылы тақырыптың өзектілігі мен маңызы жан-жақты түсіндірілді.

KEEP READING...

You may also like