«Мейірімділік жолы» әлеуметтік жобасының аясында көмекке мұқтаж жалғызбасты қарттарға үйде көмек көрсету жұмыстары одан әрі жалғасты.
15 мамыр күні тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің қызметкерлері, жоба үйлестірушісі Ирина Бисингалиева және студент-еріктілер Сақыпжан Елдос, Абдіжамиев Абілхайыр, Құлданбай Ақтілек қамқоршысыз қалған екі әжеге Умбеталина Қамқаға мен Бірімжанова Айтуғанға барды. Қарттармен етене араласа жүріп, студенттер олардың ұйлерінде тазалық жұмыстарын жасады.
Қарттар қатты қуныш сезімін білдіріп, алғыстарын жаудырды.