15 мамыр күні Үздіксіз білім беру институты Yessenov University базасында «Педагогтердің кәсіби бағдар беру құзыреттілігін дамыту: білім алушылардың саналы мамандық таңдауына педагогикалық қолдау көрсету технологиялары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының қорытынды сессиясын өткізді. Аталған бағдарлама университетте алғаш рет жүзеге асырылған және педагогтердің кәсіби бағдар беру құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған бірегей жоба болды.

Курс барысында мектеп профориентологтары оқушылардың қабілеті мен бейімділігін анықтау, кәсіби диагностика жүргізу, кәсіби бағдар беру технологияларын қолдану бағытында теориялық және практикалық дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар 8–11 сынып оқушылары «Steppe Navigator» платформасына тіркеліп, арнайы диагностикалық зерттеулерден өтті.

Біліктілікті арттыру курсына Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, сондай-ақ Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған және Бейнеу аудандарының 165 мектеп профориентолог маманы қатысты. Қорытынды кезеңде курс тыңдаушыларына бағдарламаны сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды

Іс-шара барысында «Үздік профориентолог» номинациясының жеңімпазы марапатталып, белсенді қатысушыларға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары мен облыстық білім басқармасы басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.

Қорытынды сессия аясында кәсіби бағдар беру саласындағы өзекті мәселелер

негізделген деректерге сүйенген кәсіби бағдарлау: Маңғыстау облысындағы пилоттық жобаның нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like