Yessenov University қабырғасында өткен ауқымды «Ғылым апталығы – 2026» өз мәресіне жетті. Биылғы апталық ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, жас ғалымдардың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Апталық аясында республикалық пәндік олимпиадалар, халықаралық хакатон, ғылыми көрмелер, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқушыларға арналған ғылыми жобалар байқауы мен түрлі семинарлар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Үздік жас ғалым» және «Үздік ғылыми қызметкер» байқауларының жеңімпаздары анықталып, арнайы марапатталды.

Қорытынды салтанатты іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Е.Л. Тоғжанов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Ж. Өрісбаев және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Ғылым апталығы – білім мен ғылымның, инновация мен тәжірибенің тоғысқан маңызды алаңы болды. Мұндай бастамалар елдің зияткерлік әлеуетін арттырып, индустриялық дамуға серпін беретініне сенім мол.

KEEP READING...

You may also like