Yessenov University-де Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен университет президенті Берік Ахметовтың қатысуымен студенттермен түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумның маңызы, сондай-ақ жаңа Конституция жобасының жастарға беретін мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.
Іс-шара барысында студенттерге жаңа Конституцияның негізгі бағыттары жан-жақты түсіндіріліп, білім, ғылым және инновацияны дамытуға қатысты құқықтық кепілдіктер, жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қолдау тетіктері және волонтерлік қызметті дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, Конституция жобасының маңызды нормалары бойынша нақты жауаптар алды. Жастар ел дамуының стратегиялық бағыты ретінде білім, ғылым және инновацияны қолдаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Yessenov University студенттері қоғам өміріне белсенді қатысып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға дайын екенін білдірді.