Scopus

Scopus

Scopus – деректерді бақылауға, талдауға және визуализацияға арналған библиометриялық құралдары бар рецензияланған ғылыми әдебиеттер үшін аннотациялары мен дәйексөздік ақпаратын қамтитын ең үлкен мәліметтер базасы. Деректер базасында табиғи, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, технологиялар, медицина және өнер саласындағы 5000 халықаралық баспагердің 22794 жарияланымы бар. Scopus-та 1823 жылдан бастап 67 миллион жазбалар бар, олардың 84% 1970 ж. дейінгі басылымдарға сілтемелерден тұрады.