«МЕКТЕПТЕР УНИВЕРСИТЕТ ТІРЕГІ»

11-12 қарашада педагогика саласы бойынша университет қабырғасында білім алушылар үшін Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты мектептермен кәсіптік тәжірибе келісім шарты қайта орнатылып, жаңартылды. Бұл мектептер қатарына: №1, №2, Рамазан Қабылов атындағы №3 мектеп, Мамандандырылған IT лицейі, Нұртас Оңдасынов атындағы №5 мектеп, №6 мектеп, Н. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Исатай Сүйеубаев атындағы №8 мектеп, №9 мектеп, Қартбай Бекжанов атындағы №10 мектеп, Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицейі, №12 мектеп, №13 гимназия, №14 мектеп және Ибаш Жанболатова атындағы №15 мектеп-гимназиясы кіреді.
Бұл келісімдер педагогтардың кәсіби дамуына және білім беру саласындағы тәжірибелерін арттыруға үлкен мүмкіндік береді