«МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРІП АЛМА»

23.10.2024 күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» РММ қолдауымен «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне» жұмысқа орналасу мақсатында «Инжиниринг» факультетінің 4 курс студенттері «Менің білімім-мендегі капитал», «Мемлекеттік қызметте нені өзгерте аламын», «Мен мемлекеттік қызметті не үшін таңдаймын», «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым» тақырыптарында эссе жазды. 
Мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан 4-курс студенттері үшін жазылатын эссе тақырыптары және олардың сипаттамалары:
«Менің білімім – мендегі капитал»
Бұл тақырыпта студент өзінің алған білімін мемлекеттік қызметке қалай пайдаланатынын және оны қалай капитал ретінде көретінін сипаттайды. Өз білімінің қоғамға пайда әкелу үшін қаншалықты маңызды екенін ашып көрсету қажет.
«Мемлекеттік қызметте нені өзгерте аламын»
Бұл эсседе студент мемлекеттік қызметтің қандай аспектілерін жақсартуға немесе өзгертуге болатындығын ұсынады. Жастардың жаңа идеялары, инновациялары және заманауи тәсілдері туралы ойларын ортаға салу керек.
«Мен мемлекеттік қызметті не үшін таңдаймын»
Мемлекеттік қызметтің студент үшін маңыздылығын түсіндіріп, елге қызмет етудің артықшылықтары мен оның қоғамдағы рөліне қатысты жеке көзқарасын білдіру қажет.
«Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым»
Студент бұл тақырыпта мемлекеттік қызметті таңдаудың өзінің өміріндегі маңызын, құндылықтарын және осы салада өзін қалай көрсеткісі келетінін айтады.
Эссе жазу бойынша қызығушылық танытқандарға төмендегі нөмір арқылы хабарласуға болады: +7 702 552-15-75.