2023 жылдың 5 қарашада Х.Досмухаммедов атындағы Атырау университетінде Бағдарламалаудан Әлемдік чемпионатының 1/4 финалы болды.

Ол чемпионатқа біздің университетімізден «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының «NAR» «AZ» «DUKh» командасын құрайтын студенттер командасы шақырту хат алып, осы чемпионатқа қатысқан болатын. Чемпионаттың нәтижесі бойынша біздің университетіміздің «NAR» командасы 1 орынға және «DUKh» командасы 3 орынға ие болды.

«NAR» командасының студенттері: Беласар Нұржігіт, Халдар Әмірбек, Құдайберген Рамазан. Жетекшісі – Шуақбаева Р.С.

«DUKh» командасының студенттері: Димаш Абдрахи, Ұлан Тузель, Ақиқат Халифа. Жетекшісі – Абдыкеримова Э.А.

Жарайсыңдар, студенттер! Жартылай финалға жолдама алған командаға алдағы сынақтарда жеңіс тілейміз! Студенттеріміздің әлем чемпионатында бақ сынауға қолдау көрсеткен университет ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

05.11.2023
KEEP READING...

You may also like