2025 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстанның Академиялық адалдық лигасының Жалпы жиналысы өтті. Аталған жиын барысында Yessenov University-дің Лигаға мүшелікке қабылдау туралы өтініші онлайн түрінде қаралды.

Академиялық адалдық лигасы – Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында академиялық адалдық қағидаттарын дамытуға, білім беру сапасын арттыруға және академиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған беделді қауымдастықтардың бірі болып табылады. Лига халықаралық ICAI (International Center for Academic Integrity) қағидаттарына сүйене отырып, жоғары білім беру жүйесінде академиялық адалдық стандарттарын енгізуге және институционалдық деңгейде адал академиялық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Лига қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру және дамыту;
  • білім беру ұйымдарының ішкі саясаттары мен рәсімдерін жетілдіру;
  • академиялық алаяқтықтың алдын алу тетіктерін енгізу;
  • университеттер арасында үздік тәжірибелермен алмасу;
  • студенттер мен оқытушылар арасында академиялық жауапкершілік құндылықтарын нығайту.

Yessenov University академиялық адалдық қағидаттарын білім беру процесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады және университетте академиялық мәдениетті нығайту, ашықтық пен әділдік қағидаттарын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Академиялық адалдық лигасына мүшелікке өту бастамасы университеттің сапалы білім беру ортасын қалыптастыру, халықаралық стандарттарға сәйкес академиялық басқаруды дамыту және академиялық адалдық қағидаттарын институционалдық деңгейде нығайту жолындағы маңызды қадамдарының бірі болып табылады.

KEEP READING...

You may also like