«Dunga Operating» ЖШС Өкілдері университет студенттерімен кездесті

«Dunga Operating» ЖШС қызметкерлері Асель Тулеушева (қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бизнес серіктес) және Станислав Югай (Dunga Operating үдерістерін жетілдіру бойынша басшысы), Ербол Орысбай (үдерістерін жетілдіру бойынша маман) университетіміздің 3-курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – студенттерге мұнай-газ саласындағы еңбек нарығы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіби даму жолдары және өндірістік тәжірибеден өту тәртібі туралы кең ақпарат беру болды. Спикерлер «Dunga Operating» компаниясының қызметі, жас мамандарға қойылатын талаптар және мансаптық өсу перспективалары жайлы баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге қатысқан білім беру бағдарламалары:
✔ Экология (6В05201)
✔ Органикалық заттардың химиялық технологиясы (6В07102)
✔ Электр энергетикасы (6В07106)
✔ Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (6В07116)
✔ Машина жасау (6В07109)
✔ Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау (6В07208)
✔ Мұнай-газ инжинирингі (6В07210)
✔ Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі (6В11201)
GPA көрсеткіші жоғары студенттер осы кездесуге қатысып, сала мамандарымен тікелей байланыс орнатуға және өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Кездесу нәтижесінде студенттер еңбек нарығындағы трендтерді түсініп, өздерінің болашақ мансап жолын айқындауға маңызды кеңестер алды.
Бұл кездесуді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Инжиниринг факультетіне және «Dunga Operating» компаниясына алғысымызды білдіреміз!