2026 жылғы 4 наурызда SDU University базасында онлайн форматта Akademiialyq Adaldyq Ligasy жалпы жиналысы өтті.

Жиынға Лига құрамына кіруге өтінім берген университеттердің өкілдері және Yessenov University өкілдері қатысты.

Лига мүшелерінің қарауына келесі жоғары оқу орындарынан түскен 12 өтінім ұсынылды:

  • «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ;
  • «М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ;
  • «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ;
  • «Торайғыров университеті» КЕАҚ;
  • «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ;
  • «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ;
  • «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ;
  • «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС;
  • «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ;
  • «Каспий қоғамдық университеті» ЖШС;
  • «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ;
  • «Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ.

Талқылау қорытындысы бойынша Лиганың қолданыстағы мүшелері жаңа университеттерді Лига құрамына қабылдау мәселесі бойынша белгіленген тәртіппен дауыс беру рәсімін өткізді.

Жиын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қолдауымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өтті. Бұл Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілету мақсатында академиялық қауымдастық күштерін біріктірудің маңыздылығын көрсетеді.

KEEP READING...

You may also like