Ол чемпионатқа біздің университетімізден «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының «NAR» «AZ» «DUKh» командасын құрайтын студенттер командасы шақырту хат алып, осы чемпионатқа қатысқан болатын. Чемпионаттың нәтижесі бойынша біздің университетіміздің «NAR» командасы 1 орынға және «DUKh» командасы 3 орынға ие болды.
«NAR» командасының студенттері: Беласар Нұржігіт, Халдар Әмірбек, Құдайберген Рамазан. Жетекшісі – Шуақбаева Р.С.
«DUKh» командасының студенттері: Димаш Абдрахи, Ұлан Тузель, Ақиқат Халифа. Жетекшісі – Абдыкеримова Э.А.
Жарайсыңдар, студенттер! Жартылай финалға жолдама алған командаға алдағы сынақтарда жеңіс тілейміз! Студенттеріміздің әлем чемпионатында бақ сынауға қолдау көрсеткен университет ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!