Yessenov University-де аквашаруашылық саласындағы халықаралық инвесторлармен маңызды кездесу өтті.

 

Университеттің президент-ректор м.а. Е. Нұрмағанбет Қазақстанда Caviar House брендін дамытып, Түпқараған ауданында «RED PEARL» балық фермасы жобасын жүзеге асырып жатқан швейцариялық Swiss Choice Holding SA компаниясының басшысы Christian Rey-de Rudder және атқарушы директоры Xavier Rey мырзалармен кездесті.

 

Кездесу барысында Маңғыстау өңірінде толық циклді аквашаруашылық жүйесін қалыптастыру, уылдырық және балық өнімдерін өндіруді ғылыми-технологиялық тұрғыдан сүйемелдеу, халықаралық тәжірибені енгізу және инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері талқыланды.

 

Негізгі ғылыми бағыттар қатарында:

* инкубациялау және шабақ өсіру технологияларын жетілдіру;

* отандық балық жемі мен жемшөп қоспаларын әзірлеу;

* балық өсіру технологияларын Маңғыстаудың табиғи-климаттық жағдайларына бейімдеу;                     – -заманауи технологиялар трансфері және мамандар даярлау мәселелері қарастырылды.

 

Кездесу нәтижесінде Yessenov University ғалымдарын «RED PEARL» жобасының ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, бірлескен жұмыс тобын құру және нақты ғылыми жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

 

🌊 Каспий өңірінің ерекшеліктерін ескере отырып, Yessenov University алдағы кезеңдегі басым ғылыми бағыттарының бірі ретінде аквашаруашылықты дамытуды айқындайды.

 

Бұл бағыт университет ғылымын нақты өндірістік міндеттермен ұштастырып, Маңғыстауда заманауи балық шаруашылығы кластерін қалыптастыруға, жаңа технологияларды енгізуге, білікті кадрлар даярлауға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Ғылым + өндіріс + халықаралық тәжірибе = Каспий өңіріндегі жаңа аквашаруашылық экожүйесі.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like