17 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Yessenov University-де «Сұлу сырдан жеткен саз, маңғаз мақам Маңғыстауда» атты жыр кеші өтті.
Рухани кешке Қызылорда өңірінен арнайы келген жыршы-термешілер қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында дәстүрлі жыр мен терме өнерінің терең мазмұны мен тағылымдық маңызы айқын көрініс тапты.
Жыр кешіне университет оқытушылары, студенттер және ұлттық өнерді қадірлейтін қауым өкілдері жиналып, халқымыздың бай мұрасымен қайта қауышты. Мұндай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды сақтауға және жаңғыртуға ықпал етеді.