Yessenov University-де Бизнес және туризм факультетінің ұйымдастыруымен халықаралық әлеуметтік стартаптар байқауы – Hult Prize аясындағы YU Hult Prize Demo Day 2026 университеттік кезеңі өтті.
Іс-шара университеттің Технопарк алаңында ұйымдастырылып, қоғамның өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған инновациялық бизнес-жобаларын ұсынған студенттік командаларды біріктірді. Demo Day университет атынан байқаудың келесі халықаралық кезеңіне қатысатын жеңімпаз команданы анықтауға арналған негізгі алаң болды.
Demo Day барысында қатысушылар өз стартап-жобаларын сарапшылар алқасына қысқаша таныстырып (pitch), бизнес-модельдің тұрақтылығы, әлеуметтік әсері, инновациялық деңгейі және заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері бойынша бағаланды.