10 ақпан күні Yessenov University-де «Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық және қоғамдық дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәнін түсіндіруге, олардың құқықтық жүйе мен қоғамдық дамуға әсерін талқылауға бағытталды.
Дөңгелек үстелдің модераторы – студенттік істер және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президент Маханбет Ержан Тайбағарұлы.
Іс-шараға факультеттердің вице-декандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ «Құқық және халықаралық қатынастар» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жаңа Конституцияның құқықтық және қоғамдық даму үдерістеріне ықпалы талқыланып, қатысушылар заманауи конституционализм, құқықтық мәдениет және азаматтық жауапкершілік мәселелері бойынша кәсіби пікір алмасты.