9 ақпан күні Yessenov University-де «Ресторан ісі және қонақжайлылық бизнесі» білім беру бағдарламасының студенттері мен халықаралық қонақ үй желісі Holiday Inn өкілдері арасында кездесу өтті.

Кездесуге Holiday Inn қонақ үйінің бас директоры Бехзод Насыров өз командасымен бірге қатысып, студенттермен ашық форматта әңгімелесті. Қонақ үй желісінің өкілдері компания қызметінің негізгі бағыттарын, қонақ үйлер желісінің құрылымын, корпоративтік мәдениеттің ерекшеліктерін, еңбек жағдайларын, кәсіби өсу және қонақжайлылық саласындағы мансаптық даму мүмкіндіктерін таныстырды.

Кездесу барысында жазғы маусымға арналған бос жұмыс орындары, персоналды іріктеу үдерісі, жас мамандар мен бейінді білім беру бағдарламаларының студенттеріне қойылатын талаптар кеңінен талқыланды. Қонақ үй индустриясында тағылымдамадан өту форматтары, практикалық дағдыларды меңгеру мүмкіндіктері және кейіннен жұмысқа орналасу перспективалары туралы толық ақпарат берілді.

KEEP READING...

You may also like