“I Халықаралық Есенов оқулары” аясында Yessenov University «Инжиниринг» факультетінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20-жылдығы және Ақтау қаласының 55-жылдығына арналған шахмат сайысы өтті.
Шахмат сайысы:
1) Қазақстан Республикасында шахматты дамыту және насихаттау мақсатында;
2) салауатты өмір салтын сақтау мақсатында өткізілді.
Жарыста барлық факультет бойынша 32 студент пен мен магистрант қатысты.
Турнирді салтанатты түрде «Инжиниринг» факультеті деканының орынбасары Ақкенжеева Анар Шынабаевна және сайыстың басты төрағасы «Мұнайгаз инжиниринг» кафедрасының доценті Д.С.Садуакасов, доцент Г.К.Есболай және аға оқытушы А.И.Койшина ашты. Төраға Д.С.Садуакасов сайыстың ережелерімен қатысушыларды таныстырып өтті.
Шахматтық сайыс студенттер және магистранттар арасында университеттің 2-ші оқу ғимаратының акт залында өтті. Сайыс швейцариялық жүйемен өткізілді.
Ойынның қорытындысы бойынша сайыскерлердің табандылығының арқасында бірінші орынды «Теңіз техникасы және технологиясы» тобының студенті Иманжанов Асхат Серикович, екінші орынды «жеделдетілген Құқықтану» тобының студенті Үйтолған Бекарыс Берикқалиұлы, үшінші орынды «жеделдетілген Мұнай газ ісі» тобының студенті Хаметов Ғалымжан Жексенбайұлы алды.
19 қазанда 2018 жылы «Рухани жаңғыру» қоғамдық бірлесудің модернизациялар бағдарламасының I Халықаралық Есенов оқуының жабылу отырысында марапаталады.