2026 жылдың 09 ақпанында Yessenov University Үздіксіз білім беру институты (ҮББИ) «Yessenov University білім беру интенсиві» кадрларды даярлау бағдарламасын бастады. Бағдарлама шеңберінде «Икемді құзыреттер (SOFT SKILLS): эмоционалды интеллект, сыни, креативті, цифрлық және жүйелік ойлау, коммуникация», «Қаржылық сауаттылық: жеке қаржы және кәсіпкерлік», «Құқықтық сауаттылық: еңбекті талдау және бағалау саласындағы медиативтік рәсімдерді қолданудың заманауи әдістері», «Мұнай-газ негіздері», «Жұмыскерлер, үй-жайлары, ғимараттары, құрылыстары және жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша А, Б өндірістік санаттары бар қондырғылары бар объектілер үшін өрт-техникалық минимум», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» және «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» курстарын оқыту жоспарлануда. Курсты аяқтау қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етіледі.