12–16 қаңтар аралығында ұйымдастырылған Қысқы мектеп аясында қатысушылар үш негізгі бағыт бойынша білімдерін толықтырды:
ғылыми бағыт
тәрбиелік және тәлімгерлік бағыт
IT және цифрлық технологиялар
Іс-шара Үздіксіз білім беру институтының бастамасымен, Ғылым және зерттеулер басқармасы, Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту басқармасы, сондай-ақ Білім беру ресурстарын дамыту орталығымен бірлесіп өткізілді.
Қысқы мектеп барысында ғылыми әлеуетті арттыру, тәрбие жұмыстары, тәлімгерлік тәжірибе және заманауи IT-технологиялар — соның ішінде generative AI мен LLM тақырыптары кеңінен талқыланды.
Бұл іс-шара профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін нығайтып, университетте инновациялық білім беру ортасын дамытуға серпін берді.