ЖТН AP26101849 «Маңғыстау облысы кен орындарының мұнай қабаттарында парафин тұну процестерін зерттеу» жобасының 2025 жылға күнтізбелік жоспарына сәйкес зерттеу тобының мүшелері «Геология және мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент), профессорлары Р.У. Баямирова, А.Р. Тогашева, А.Т. Жолбасарова, М.Д. Сарбопеева, Д.С. Садуакасов ғылыми-тәжірибелермен алмасып, жаңаша технологиялармен танысып, академиялық және ғылыми байланыстарын орнату үшін 08-12.12.2025ж. аралығында Сиань мұнай университетіне (Қытай, Сиань қ.) іссапарға барды.
Іс сапар аясында Сиань мұнай университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесу болып, оқу үрдісі және университеттің материалдық базасымен, атап айтқанда .ылыми және оқу зертханаларымен танысып, дәрістер жүргізілді.
Сонымен қатар жобаның зерттеу тобы Сиань мұнай университетінің «Мұнайгаз технологиялары» компаниясында болып, мұнай және газ кенорындарына қызмет көрсету, мұнай бергіштікті арттыру технологияларымен танысты. Бұл өнеркәсіп Сиань мұнай университетімен тығыз ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өз қызметтерін халықаралық деңгейде ұсынады.
Іс сапар аясында алдағы ғылыми жұмыстарға жоспарлар жасалып, Есенов университетімен келісім-шарттың алғашқы нұсқалары белгіленді.