Университет жатақханаларында электронды – өткізу жүйесі жасайды.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және күзет қызметкеріне тәртіпті тиімді қадағалау үшін жатақхананың барлық қабатында бейнебақылау камералары орнатылған. Оның жазбасы сақталады.
23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін жатақхана аумағында күзет кезекшілік етеді.
Өтінішке жауап үш жұмыс күн ішінде білім алушының электрондық почтасына жіберіледі.
Жатақханаға тұруға жолдама алу үшін әлеуметтік бөлімге (3 қабат, А302 кабинет) келесі құжаттар ұсынылады:
1) жеке төл құжат (сәйкестендіру үшін);
2) 3×4 көлемдегі фото – 1 дана;
3) төлемдер жасалған түбіртектер көшірмесі (тұру ақысы және депозит);
4) санитарлық тексерістен өткені туралы анықтама (университет медкабинеті береді);
5) құжат тігілетін мұқаба -2 дана.

ТӨЛЕМДЕР
Жатақханаға орналасу үшін алдын-ала жасалатын төлемдер:
ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ
1. Білім алушы жатақханада тұруға жолдама алған күннен бастап үш күн ішінде орналасуы керек, әйтпесе орын басқа білім алушыға қайта бөлініп кетеді. 2. Жатақхана меңгерушісіне келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке төл құжат (сәйкестендіру үшін);
2) жолдама;
3) төлемдер жасалған түбіртектер көшірмесі (тұру ақысы және депозит);
4) санитарлық тексерістен өткені туралы анықтама (университет медкабинеті береді);
Жатақхана меңгерушісі:1) жолдамада көрсетілген бөлмеге білім алушыны орналастырады және қажетті құрал-жабдықтарды береді;2) үй-жайлар мен жабдықтарды қабылдау актісін ресімдейді. Білім алушы «Қабылдау-тапсыру актісіне» сәйкес қабылдаған бөлме мен оның ішіндегі жабдықтар үшін материалдық жауапкершілікті көтереді және шығу кезінде барлығын алған күйінде тапсырады.




Жатақхана және әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша әлеуметтік бөлімге хабарласыңыздар:
+7 (7292) 788-788 (270)