5 ақпан күні Құқық және халықаралық қатынастар факультетінде «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістерді талдау және талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мазмұнын терең түсіндіру, жаңа өзгерістердің құқықтық негіздерін ашу, сондай-ақ оларды ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан талқылау болды.

Дөңгелек үстел жұмысына университеттің профессор-оқытушылар құрамы, Құқықтану кафедрасының заңгер-ғалымдары, сондай-ақ Құқық және халықаралық қатынастар факультетінің білім алушылары белсенді қатысты.

Жиынды факультет деканы Бұғыбай Дина Бұғыбайқызы жүргізіп, өз сөзінде Конституцияға енгізілген өзгерістердің елдің құқықтық жүйесін жетілдірудегі стратегиялық маңызына тоқталды. Сонымен қатар ол мұндай ғылыми-танымдық кездесулердің болашақ заңгерлердің кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Негізгі спикерлер ретінде Құқықтану кафедрасының заңгер-ғалымдары Алибеков Серікқали Күнтебайұлы мен Ауешеова Бағдат Тілектесқызы баяндама жасап, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістердің қажеттілігі мен маңыздылығын жан-жақты талдады. Баяндамаларда жаңа конституциялық нормалардың (новелла-баптардың) мазмұны ашылып, олардың құқық қолдану тәжірибесіне тигізетін ықпалы нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша болашақ заңгерлер үшін конституциялық құқық саласындағы өзекті өзгерістерді терең меңгеруге, кәсіби көзқарасын қалыптастыруға және құқықтық талдау дағдыларын дамытуға зор мүмкіндік туғаны атап өтілді.

KEEP READING...

You may also like