Ғылыми кеңесші – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сейдалиев Асқар Әбиевич, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті. 2004 жылы 25.00.15 – Ұңғымаларды бұрғылау және игеру технологиясы мамандығы бойынша «Маңғыстау кен орындарындағы еңіс ұңғымаларда бұрғылау технологиясының тиімділігін және өнімді қабаттарды ашу сапасын арттыру» тақырыбында техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Жетпістен астам ғылыми еңбектің, оқу құралдарының және монографияның авторы. Ғылыми қызығушылықтары: ұңғымаларды бұрғылау, ұңғымаларды аяқтау (игеру), нанотехнология.