17 наурыз күні Yessenov University базасында мемлекет және қоғам қайраткері, экономист, инженер-мұнайшы Зейнолла Өтежанұлы Алшымбаевтың өмір жолы мен қоғамдық қызметіне арналған «Зейнолла Алшымбаев: азаматтық ұстаным және қоғамға қызмет» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Конференцияға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаев, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, студенттер мен жас зерттеушілер қатысты.

Жиын барысында Зейнолла Алшымбаевтың мемлекеттік басқару, өндіріс және парламенттік қызметтегі рөлі жан-жақты талқыланып, баяндамалар ұсынылды. Сонымен қатар «Тарихи өзгерістер кезеңінде» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

Пікір алмасу барысында қоғам және ғылым қайраткерлері Даржок Сейбағытов, Ирак Қасымұлы Елекеев, Серік Нығметоллаұлы Негимов, Адай Сабыр Шеркешбайұлы және Сембіғали Төрешұлы Закенов сөз сөйлеп, тұлғаның ел дамуына қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Конференция аясында Зейнолла Алшымбаевтың Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына және университет инфрақұрылымының қалыптасуына қосқан үлесі ерекше атап өтіліп, оған университеттің ең жоғары марапаты – Академик Шахмардан Есенов медалі табысталды.

KEEP READING...

You may also like