20 наурыз күні Yessenov University-де заманауи YU Gym фитнес кеңістігінің ашылуы өтті.
Жаңа зал кәсіби деңгейдегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, әртүрлі жаттығу форматтарына бейімделген. Кардио-аймақтар мен күштік тренажерлер кешені дененің барлық бұлшықет топтарын тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Жабдықтардың заманауи технологиялармен үйлесуі жаттығу процесін барынша ыңғайлы әрі нәтижелі етеді.
Сонымен қатар, кешенде ұзындығы 25 метрлік бассейн, хамам, жайлы киім ауыстыру және душ аймақтары қарастырылған. Бұл – спортпен шұғылдануға кешенді жағдай жасайтын толыққанды инфрақұрылым.
YU Gym тек университет қауымдастығына ғана емес, қала тұрғындарына да есігін айқара ашып отыр.