2026 жылдың 26 наурыз бен 08 сәуір аралығында Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен «Педагогика» факультеті «Іргелі ғылымдар» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Білім» ғылыми бағыты бойынша профессор Абдыкеримова Эльмира Алтынбековнаның «Заманауи білім беруде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану тәсілдері» атты курсы өтті.
«Заманауи білім беруде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану тәсілдері» курсы оқыту үдерісін жаңғыртуға бағытталған цифрлық және жасанды интеллект (AI) құралдарын тиімді қолданудың әдістемелік және практикалық негіздерін қамтиды. Қатысушылар заманауи платформалар мен инновациялық технологияларды кәсіби пәндерге кіріктіру тәсілдерін меңгеріп, оқу процесін ұйымдастырудың жаңа форматтарын игереді. Аталған курс педагогикалық және инженерлік бағыттағы оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.