Yessenov University-де Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп, тарихи әрі рухани маңызы зор күндерге арналған мазмұнды іс-шара өтті.
Жиын аясында Чанаккале шайқасындағы жеңістің 111 жылдығы, Түркия Республикасының Мемлекеттік әнұранының қабылданған күні және ұлы ақын Мехмет Акиф Эрсойды еске алу рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Чанаккале жеңісінің тарихи мәні, оның ұлт бірлігі мен тәуелсіздік жолындағы маңызы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, Мехмет Акиф Ерсойдың шығармашылығы арқылы елге деген сүйіспеншілік, еркіндік рухы мен патриотизм идеялары дәріптелді.
Шараға университет оқытушылары, студенттер және зиялы қауым өкілдері қатысып, тағылымы терең тарихи сабақтарға куә болды. Мұндай кездесулер жастардың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды ұғынуына ықпал етеді.