Yessenov University-де профессорлық-оқытушылық құрамға арналған «Сұлулық пен парасат» атты мерекелік іс-шара өтті. Кеш университет ұжымындағы әйелдердің кәсіби жетістіктерін, білім беру саласына қосқан үлесін және студенттерге деген қамқорлығын атап өтуге арналды.
Іс-шара барысында университет Президенті Берік Ахметов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұстаздар мен қызметкерлерді құттықтап, оларға жылы лебізін білдірді. Ол университеттегі әрбір әйелдің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін ерекше атап өтіп, табыс, бақыт және зор денсаулық тіледі.
Іс-шара аясында факультеттің бірқатар қызметкерлері кәсіби жетістіктері мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін арнайы марапаттарға ие болды.
Мерекелік кеш одан әрі концерттік бағдарламамен жалғасты. Университеттің шығармашыл студенттері мен өнерпаз жастары көрермендерге әсерлі музыкалық және шығармашылық нөмірлер ұсынып, кештің сәнін келтірді. Әсем әндер мен өнерге толы қойылымдар мерекелік көңіл күй сыйлап, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.