2023 жылғы 15-22 мамыр аралығында Үздіксіз білім беру институты Әкімшілік басқарма қызметкерлері мен университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін «Білім берудегі Нейро-менеджмент» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Бұл курстың спикері Үндістанның Бхубанешвар қаласынан келген шетелдік ғалым, Нейроэкономикалық және кәсіпкерлік зерттеулер институтының басшысы профессор Jyotirmaya Satpathy болды.

Тренингке offline форматында 30-дан астам тыңдаушы қатысты. Жоғары білікті жаттықтырушы ми жұмысының ғылыми эксперименттері, әртүрлі мамандықтағы адамдардың, тіпті студенттер мен спортшылардың кардиограммалары туралы айтты. Нейро-менеджмент саласындағы бай ақпараты бар жаттықтырушының презентациялары талданып, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамына егжей-тегжейлі айтылды. Ғылыми тәжірибелерімен бөлісе отырып, профессор тыңдаушылармен эксперименттер жүргізді.

Курс жоғары деңгейде өтті. Тыңдаушылар оқытудың сапасына толық қанағаттанып, курсқа қуана қатысты. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

KEEP READING...

You may also like