Туған жылы: 1971 жыл 5 шілде Ұлты: Қазақ e-mail: askar.seidaliyev@yu.edu.kz Ғылыми атағы, дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Білімі
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, мамандығы – «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау», біліктілігі – тау-кен инженері, 1993 ж.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандығы – «Құқықтану», біліктілігі – заңгер, 2001 ж.
Бұрғылау технологиясы және ұңғымаларды игеру мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады, 2004 ж.
Жұмыс тәжірибесі
1993-1997 жж – «Агротехника» кооперативінің, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Жетібай бұрғылау бөлімінің мастері, бұрғышы көмекшісі;
1997-2003 – Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, ректордың көмекшісі;
2003-2004 – Республикалық «Асар» саяси партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жетекшісі; 2004-2005 – Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті Мұнай және газ институты директорының орынбасары;
2005-2006 жж – Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры;
2006-2017 жж – Мұнай және газ институтының директоры, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің мұнай және газ факультетінің деканы;
2017-2018 – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры;
2018 – Маңғыстау облысының білім басқармасының бастығы.