«Педагогтардың кәсіби бағдар беру құзыреттілігін дамыту: оқушылардың саналы мамандық таңдауына педагогикалық қолдау көрсету технологиялары»  атты біліктілікті арттыру курсы

 

10 наурыз күні Ақтау қаласында Yessenov University базасында «Педагогтардың кәсіби бағдар беру құзыреттілігін дамыту: оқушылардың саналы мамандық таңдауына педагогикалық қолдау көрсету технологиялары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының салтанатты ашылуы өтті.

Курстың ашылу салтанатын Yessenov University зерттеу және даму жөніндегі вице-президенті, модератор Сейдалиев А.А. жүргізді. Іс-шара барысында Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Кумбаев Амантай Ясауиұлы сөз сөйлеп, өңірде кәсіби бағдар беру жүйесін дамыту, жастарды еңбек нарығының талаптарына сәйкес даярлау және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

Пленарлық отырыс барысында кәсіби бағдар беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. «Skills Technology Foresight әдісі негізінде Қазақстан өңірлерінің жаңа мамандықтар мен құзыреттер атластарын әзірлеу» ғылыми жобасының аға ғылыми қызметкері Мендалиева Шынар Оразалиевна «Жаңа мамандықтар атласы: мектептегі кәсіби бағдардың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like