17 ақпан күні Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Б.Н.Жилкибаевтің, Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А. Токушевтің, Маңғыстау облысының білім беру басшысының м.а. Г.Қ. Мамаеваның, ҚР Президенті жанындағы басқару академиясының Маңғыстау филиалының басшысы А.А.Демеуова, Yessenov University Студенттік және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президент Г.Д. Аманиязованың қатысуымен Білім басқармасы «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» жобалық кеңселерінің қызметі, «2020-2021 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарының» орындалуы туралы онлайн конференция өткізілді.
Онлайн конференция барысында Маңғыстау облысы аумағында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша орындалу есебі тыңдалды.
“Саналы ұрпақ” республикалық жобалық кеңсесінің басшысы К.А. Токушевтің негізгі ұсынымдары сайттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу, сондай-ақ ақпараттық қызметке назар аудару болды.