
Жоба жетекшісі: АНАР ШЫНАБАЙҚЫЗЫ АҚКЕНЖЕЕВА
Жобаның мақсаты – резеңке-техникалық бұйымдарды қайта өңдеп кәдеге жарату және Қазақстан Республикасы битумдарының физика-химиялық реологиялық сипаттамаларын жақсарту үшін резеңке-техникалық қалдықтармен мұнай битумдарын модификациялау технологиясын зерттеу және әзірлеу болып табылады
Жақсартылған эксплуатациялық қасиеттері бар битум алу үшін өнеркәсіптік резеңке қалдықтарымен мұнайлы жол битумдарын модификациялаудың жаңа технологиясы әзірленетін болады. Күтілетін нәтижелерді қолдану мүмкіндігі битумды модификациялау және резеңке қалдықтарын жою үшін жұмыс нәтижелерін пайдалану болып табылады. Күтілетін нәтижелердің әлеуетті тұтынушылары: – Өнімнің эксплуатациялық сапасын жақсартқысы келетін битум зауыттары. – Қалдықтарды қайта өңдеп кәдеге жарату арқылы қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту негізгі мақсаты болатын тұрмыстық қатты қалдықтар басқармасы. Жобаның мақсаты мен міндеттері