12 ақпан күні Yessenov University-де «Бизнес және туризм» факультетінде «Конституциялық реформа: мәні мен кезеңдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың басты бағыттарын түсіндіру, олардың кезеңдерін жүйелі түрде талдау және құқықтық жаңғыртудың қоғамның одан әрі дамуына ықпалын айқындау болды.
Дөңгелек үстел жұмысына университеттің профессор-оқытушылар құрамы, соның ішінде «Бизнес және туризм» факультетінің оқытушылары қатысты.
Талқылау барысында конституциялық реформаның мазмұны, оның саяси және құқықтық жүйені жетілдірудегі рөлі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен азаматтық жауапкершілікті күшейтудегі маңызы кеңінен қарастырылды. Қатысушылар реформаның кезең-кезеңімен іске асырылуы, институционалдық өзгерістер, қоғам мен мемлекет диалогын нығайту мәселелері төңірегінде пікір алмасып, өз көзқарастарын білдірді.
Іс-шара академиялық ортада конституциялық реформаның мәні мен мазмұнын терең түсіндіруге, құқықтық сананы нығайтуға және болашақ мамандардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталды.